Тоқсан сайын шығатын ғылыми-практикалық журнал

Меншік иесі – ҚР ДСӘДМ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК

Бас редактор:                           м.ғ.д., профессор – Е.Ж.Бекмұхамбетов

Журнал 2004 жылдан бастап шығады.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне 02.03.2015ж. тіркеліп, №15146-Ж куәлігі берілген.

Журнал «Қазпочта» АҚ каталогында (жазылу индексі – 74740) тіркелген және оның бөлімдері арқылы таратылады. Сонымен қатар, редакция арқылы да таратылады. 

Журнал Ulrich’s International Periodical Directory халықаралық және италиялық CINECA ғылыми басылымдары, сонымен қатар, Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) мәліметтер базаларында индекстеледі.

Журнал 2016 жылғы 15-сәуірдегі комиссия шешімі бойынша Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің Тізіміне (ҚР БҒМ БҒСК) енгізілді.

Редакциялық саясат

«Батыс Қазақстан медицина журналының» редакциялық ұстанымы және саясаты

Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналы» 2004 жылдан бастап шығады. Басылымға  08.11.2010 жылы ҚР байланыс  және ақпарат министрлігінің №11355-Ж тіркеу куәлігі берілген. «БҚМЖ» беттерінде жарияланған ғылыми еңбектердің деңгейі халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, журнал 2005 жылы Парижде (Франция)  халықаралық тіркеуден өтіп, оған ISSN 1814-5620 нөмірі берілді. Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналының» оқырмандары - магистранттар, аспиранттар, медицина ғылымының кандидаттары, профессорлар, академиктер, зертханашылар, ғылыми қызметкерлер, фармацевттер мен барлық деңгейдегі медицина қызметкерлері.

Редакция ұжымы SCKOPUS, EBSCO сияқты рефераттық базаларға енуді өзінің аса маңызды және айрықша бағыты етіп ұстанады. Журналдың 2004 жылдан бергі электрондық нұсқасы Қазақстаннның электрондық кітапхана қорына енгізілген.  Батыс Қазақстан медицина журналы қазақстандық ақпаратты-аналитикалық құрылымның ғылыми индекстеу тізімінде де бар. 2013 жылы журнал «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы» АҚ-ның Эксперттік және Консультативтік  кеңесінен экспертизадан (010015Р) табысты өтті.

Журнал Ulrich’s International Periodical Directory халықаралық және италиялық CINECA ғылыми басылымдары, сонымен қатар, Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) мәліметтер базаларында индекстеледі.

 

  Журнал 2016 жылғы 15-сәуірдегі комиссия шешімі бойынша Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің Тізіміне (ҚР БҒМ БҒСК) енгізілді.

Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналы» емдеу мекемелері, ғылыми қызметкерлер және тәжірибелік дәрігерлердің медицина саласындағы ғылыми әріптестіктік байланысына қолдау жасайды. Олардың кәсіби білім және тәжірибе алмасуына ынталылық танытады. Журналдың негізгі тақырыптық бағыты - фармацевтикалық және медициналық саладағы ғылыми жаңалықтарды жариялау, мақалалардың таралу ауқымы мен аумағын кеңейту, Қазақстандағы, ТМД және шет елдердегі медициналық жоғарғы оқу орындарының ғылыми  байланысын нығайту. «Батыс Қазақстан медицина журналы» ғылыми-практикалық журналы ғылыми зерттеулердің қорытындыларын, теориялық және эксперименттік мақалаларды, қазіргі медицина  және фармакология, тәжірибелік емдеу ісі жөніндегі ғылыми құнды жаңалық болып табылатын зерттеу жұмыстары жайында жазады.

Журналға медицина мен фармакологияның барлық заманауи бағыттары бойынша жазылған ғылыми-практикалық мақалалар, аналитикалық шолу, қоғамдық медицина, профилактикалық және денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру менеджменті тақырыбында жазылған жұмыстар қабылданады. Денсаулық сақтау саласын заманауи басқару мен тиімді ұйымдастыру, дәрі-дәрмекпен қамту ісін оңтайландыру, денсаулықты сақтаудың рухани  негіздері және іс-тәжірибелік зерттеулер қорытындысы да журналдың тұрақты тақырыбы болып саналады. Сонымен бірге журналдың медициналық және фармацевтикалық білім беру мен емдеу ісінде инновациялық технологияны пайдалану, медициналық іс-тәжірибе алмасу, оқытудың жаңашылдығына арналған алқалы бас қосулар жөніндегі  айдарлары бар. Баспаға ұсынылған мақалалар медицина және фармакология ісіндегі өзекті мәселені, ғылыми жұмыстар мен тәжірибенің маңыздылығын ашып көрсететіндей мақсатта жазылуы тиіс. Автордың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі, білгірлігі зерттеудің статистикалық мәліметтеріне негізделген болуы шарт. Редакцияға тапсырылатын мақала журналдың авторларға қоятын талаптарына сәйкестенген, тақырыбы медицинадағы маңызды да мәнді және зерттеудің инновациялық әдістеріне негізделгені жөн. Зерттеу жұмыстарының тың, жаңашылдығына мән берілген дұрыс. Мақала жоғары деңгейде ғылыми тұрғыдан зерттелген жұмыстардың қорытындысын түйіндегенде ізденушілер мен ғалымдардың, кәсіби мамандардың, оқырмандардың қызығушылығын тудырады. Журналға мақала тапсыратын авторлардың барлығының құқығы тең, олардың ешқайсысына да тұрған жері, ұлты және ғылыми дәрежесіне байланысты шектеулер қойылмайды және артықшылықтар берілмейді. Ең бастысы - мақаланың бұрын-соңды ешқандай бұқаралық ақпарат құралдарында  жарияланбағаны шарт. Журналдың шығарушы және жауапты редакторларының сүзгісінен өткен мақалалар  профилдік рецензенттерге жолданады. Барлық мақалалар рецензияланады. Журналдың рецензенттер құрамы беделді, медицина ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан танымал ғалымдар мен тәжірибелі дәрігерлерден тұрады. Рецензияны  ТМД, Балтық, Польша, Германия, Италия елдерінің беделді  мамандары жасайды. Рецензиялаудың мұндай жоғары деңгейі мақалалардың маңызды, мәнді, мағыналы болуына ықпал етеді. Рецензиялау әдісі «екі жақты жұмбақ» деп аталатын әдіспен өтеді, яғни, автор да, рецензент те бір-біріне беймәлім болады, екі жаққа да  бір-бірі туралы ақпарат берілмейді. Рецензенттің ұсынысымен мақала толықтырулар мен өзгертулер енгізу үшін авторға кері қайтарылуы да мүмкін. Ал, рецензенттің жоғары бағасына лайық деп танылған жұмыстар баспаға жіберіледі. Рецензенттерден өткен мақалалардың бәрі плагиаттық тексеріске ұшырайды, егер мұндай олқылық байқалса, мақала баспаға жіберілмейді. Мақала рецензенттік сүзгіден өткен соң автор мен редакция арасында авторлық құқықты беру  жайындағы келісім-шарт жасалады, онда мақала авторының оны журналға және  бүкіләлемдік ғаламтор желісі арқылы журналдың сайтына және  ғылыми электрондық кітапханада жариялауға жазбаша келісімі бекітіледі.

Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналының» басты мақсаттарының бірі - клиникалық және тәжірибелік медицинаның ғылыми жаңалықтарын кең насихаттау. Басылым ғылыми және практикалық тұрғыдан аса бағалы әрі маңызды жаңалықтар топтастырылған мақалаларды барлық медицина қызметкерлеріне және оның барлық саласындағы мамандарға арнап жазады. Журналда тек клиникалық қана емес, тәжірибелік зерттеулер жайында да жазылады, бұл еңбектер диагностика мен хирургиялық ауруларды емдеуде таптырмайтын жаңалық болып табылады. Баспа өз тарапынан қазіргі заманғы халықаралық  медициналық шолу-мақалаларына ерекше басымдылық береді, себебі, онда қаралатын мәселе жан-жақты және салыстырмалы суреттеледі. Сонымен бірге, халықаралық медициналық қауымдастықтың назарын аударатын клиникалық жағдайлар жөніндегі мақалаларға да ерекше назар аударылады. Ал, тәжірибелік дәрігерлер үшін емдеудің инновациялық әдістері және жаңа технологиялық ұсыныстары жайында жазылған мақалалар басылады. Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналының» беттерінен халықаралық конгресс, съезд, ғылыми-тәжірибелік конференция т.б. алқалы жиындар жайында оқи аласыздар. Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған мақалаларды жариялайды, әсіресе, ағылшын тілінде дайындалған жұмыстарға басымдық беріледі. Шетелдік мамандардың еркін түсініп және тәжірибе, ой алмасуы үшін барлық мақалалардың түйіндемесі ағылшын тіліне аударылып, мақаланың мазмұны кеңірек жазылады. Журналдың  бас редакторы, редакциялық алқа мен кеңес құрамына медицина саласының жоғары  дәрежелі кәсіби мамандары енгізілген. Олар ҚР, ТМД және Европалық одақ елдерінің беделді  медициналық орталықтарында еңбек етеді.

Осындай қатаң рецензиялау талабына қарамастан, редакция жас авторларды көтермелеу саясатын да берік ұстанады, тәжірибелік дәрігерлерге мақала дайындау барысында әдістемелік жәрдем көрсетіледі. Студенттердің рецензиядан өткен ғылыми жұмыстары журналға тегін басылады. Редакциялық баспа орталығы болашақта журналды шетелдік мамандар үшін (Украина,Әзірбайжан, Германия, Польша, Литва,Израиль, Италия және Ресей елдеріндегі) жаздырып алдыру мүмкіндігін жоспарлап отыр.

Мерзімдік басылым

Журнал тоқсан сайын шығады

А4 форматта, 500 дана

ISSN 2522-9605 (Online)
ISSN 1814-5620 (Print)

Байланыс

Мекен-жайымыз: 030019, Ақтөбе қ.,

Маресьева көшесі, 68, морфологиялық корпус, 116-каб 

Тел./факс: 8/7132/56-23-87

Е-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.