Тоқсан сайын шығатын West Kazakhstan Medical Journal

 

Меншік иесі – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ

Бас редактор:             А.А. Калиев

Журнал 2004 жылдан бастап шығады.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне 18.04.2019 ж. қайта тіркеліп, №17673-Ж куәлігі берілген.

Журнал «Қазпочта» АҚ каталогында (жазылу индексі – 74740) тіркелген және оның бөлімдері арқылы таратылады. Сонымен қатар, редакция арқылы да таратылады. 

Журнал Ulrich’s International Periodical Directory халықаралық және италиялық CINECA ғылыми басылымдары, сонымен қатар, Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) мәліметтер базаларында индекстеледі.

Журнал 2016 жылғы 15-сәуірдегі комиссия шешімі бойынша Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің Тізіміне (ҚР БҒМ БҒСК) енгізілді.

Байланыс

2023 жылдың шілде айынан бастап Knowledge E компаниясы West Kazakhstan Medical Journal журналын жариялау және орналастыру қызметтерін ұсынады. Журналдың келесі басылымдарына өтіңіз: https://knepublishing.com/index.php/wkmj/index

АВТОРЛАР НАЗАРЫНА!

ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК «WEST KAZAKHSTAN MEDICAL JOURNAL» ЖУРНАЛЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ҚОЛЖАЗБАЛАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ТАЛАПТАРЫ

Қолжазбаларды рәсімдеудің бірыңғай жаңа талаптары журналдың дәлелді медицина дамуының әлемдік тендецияларына ілесуі және ғылыми басылымдар сапасының халықаралық стандарттарына сай болуға талпынуымен түсіндіріледі. Бұл талаптар Биомедициналық журналдарға ұсынылатын қолжазбалардың жалпы талаптарына сәйкес жасалған. Бұл талаптарға сәйкес болу журналдың сапасын әлдеқайда асырады, сонымен қатар, оның отандық және шет елдік зерттеушілер арасында сұранысын арттырады, бұл дегеніміз авторларымыздың мақалаларының дәйектілігі.

Талаптарға сәйкес келмейтін қолжазбалар қарастырылмайды

Редакцияға түскен барлық мақалалар екі реттік жасырын рецензиялаудан өтеді. Статистикалық мәліметі бар мақалалар ғылыми методология мен биостатистика бойынша рецензентке жіберіледі. Статистикалық өңдеудің сапасы туралы сұрақтар туындаған жағдайда редакция есептеу жүргізілген алғашқы деректер қорын сұратуға құқылы. Редакция мақаланың мағынасын бұрмаламайтындай етіп текстке өзгертулер енгізуге құқылы. Қолжазбаның соңғы нұсқасы редакциямен байланысқа жауапты автормен келісіледі.

Материалдарды дайындау

Қолжазбалар мен ілеспе құжаттар редакцияға тек электронды нұсқада беріледі.

Құжаттар тізімі:

  1. Авторлардың қолтаңбасы қойылған ілеспе хат (сканерленген көшірме)
  2. Мақаланың MS Word форматындағы тексті

Ілеспе хат келесі формада рәсімделеді:

  1. Редакциямен байланысқа жауапты автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен қызметі.
  2. Қатынасхатқа жауапты автордың электрондық мекенжайы (пошта индексі көрсетілген), телефон нөмірі, факс, электрондық поштасы.
  3. Барлық бірлескен авторлардың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі, жұмыс орны, пошталық мекенжайы (пошта индексі көрсетілген), телефоны және электрондық поштасы.
  4. Қолжазбаның тақырыбы.
  5. Мақаланың басты текстінің сөз саны (резюме, әдебиеттер тізімі, сызба мен суреттерді қоспағанда), сызба мен сурет саны.
  6. Ұсынылған мақаладағы материалдар бұрынырақ жарияланбағаны және басқа баспа орталығына басылуға қарастырылмағаны жөнінде растау.
  7. Берілген материалдардың тараулары бұрынырақ жарияланғаны және қайталанған жазба ретінде қарастырылуы мүмкін екені туралы міндетті түрде хабарлау. Мұндай жағдайда Редакцияның шешім қабылдауы үшін аталған материалдар көшірмесі қолжазбамен қоса жіберіледі. Өзге баспаларда шығарылған немесе басып шығаруға ұсынылған материалдар жіберілмейді. Жарияланған конференция тезистері басылым болып саналмайды. Сондықтан тезис ретінде жарияланған материалдарды түпнұсқадағы мақала немесе шолу ретінде ұсынуға болады.
  8. «West Kazakhstan Medical Journal» журналының редакциясы бекіткен және ресми сайтында орналастырылған қолжазбаларды басылымға дайындау ережелерімен авторлардың келісуі.
  9. Авторлар ғылыми мақалаларда зияткерлік меншікті және ҚР қолданыстағы заңына сәйкес авторлық құқықты заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылады.
  10. Авторлар олардың ғылыми мақалалары ешкімнің авторлық құқығын бұзбайтындығын және шектеусіз мерзімге журнал басшылығына ғылыми мақаланы журнал нөміріне басып шығаруға және интернет желісіне жартылай немесе толық текст түрінде шығаруға шектеусіз құқық беру.
  11. Авторлар қаржылық немесе өзге де қарым-қатынас туралы өтініштерін ұсынуы қажет. Мысалы: егер клиникалық емдік дәрі-дәрмектердің сынағы жүргізілген жағдайда міндетті түрде зерттеуші мен зерттеліп жатқан дәріні шығарып жатқан фармацевтикалық компанияның қатынасын көрсету (егер қолжазба текстінде көрсетілмесе). Мүдделердің қарама-қайшылығы болмаған жағдайда авторлар келесі тұжырымдаманы қолдана алады: «Авторлар мүдде қарама-қайшылықтары жоқ екендігін растайды».
  12.  Қолжазбаның жіберілген күні.
  13.  Барлық авторлардың қолтаңбасы.

Сонымен қатар ілеспе хатта журнал редакциясына қажетті қандай да бір өзге мағлұмат бола алады.

Мақала тексті Microsoft Word бағдарламасында Times New Roman шрифтімен, 12 өлшеммен, 1,5 жоларалық интервалмен дайындалады. Жоғарғы және төменгі жиектері – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм жиекпен кітап бағдарында болады. Сөздерді тасымалдауға болмайды. Кестелер, суреттер (көрнекіліктер, графикалар, фото суреттер) және де олардың жазулары мақала соңына бөлек бетке орналастырылады. Әр кесте жеке бетке орналастырылуы қажет. Текстте көрнекі құралдар шамамен оң жақ жиекте орналасады.

Түпнұсқа қолжазбаның көлемі 2000 сөзден кем емес, бірақ 3000 сөзден көп емес болуы қажет (түйін, кесте, көрнекі құрал және әдебиеттер тізімін қоспағанда). Әдебиетке шолу қолжазбасының көлемі 3000-4000 сөз болады (түйін, кесте, көрнекі құрал және әдебиеттер тізімін қоспағанда). Редакция халықаралық “PRISMA” ұсыныстарымен сәйкес келетін жүйелі шолуларды ғана қабылдайтындығын авторлардың назарына ұсынамыз. Авторлардың қалауы бойынша шолулар, қысқа хабарламалар, конференция есептері және жаңа кітаптарға сын пікірлер құрылымданады. Түпнұсқа қолжазбалар келесі бөлімдерден тұруы тиіс: «Кіріспе», «Әдіс-тәсілдер», «Қорытынды» және «Қорытындыны талқылау». Түйінді жеке бөлімге шығару міндетті емес.

Мақала мазмұнына қойылатын талаптар

Мақаланың атауы максималды түрде ақпараттанған болуы және 300 белгіден аспауы қажет. Сұраулы сөйлем түріндегі және мағынасы бірден түсінікті болмайтын тақырып қойылмауы тиіс. Стандартты қысқартулар (аббревиатуралар) қолданған жөн, мақала тақырыбында қысқартулар қолданбау керек. Орнына аббревиатура қолданылған толық термин бұл қысқартудың текстте алғашқы қолдануында болуы керек. Редакция мақала тақырыбында зерттеудің типін көрсеткен жағдайды құптайды, мысалы: «Орал қаласындағы 12 жастағы балалардағы тісжегісінің көп таралғандығы және қарқыны: популяциялық-көлденең зерттеу».

Негізгі бет

 Негізгі бетте көрсетіледі:

  1. Мақала тақырыбы
  2. Әр автордың аты-жөні
  3. Авторлар қатысты мекемелердің толық атауы. Егер авторлар әр түрлі мекемеде қызмет ететін болса, әр автордың оның мекемесімен байланысы жоғарғы регистр арқылы көрсетіледі
  4. Редакциямен байланысқа жауапты автордың мекен-жайы

Түйіндеме (реферат) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде

Ғылыми басылымның түйіндемесі қысқа, бірақ барынша ақпараттық мазмұнды болуы қажет. Түйіндеменің көлемі 200-ден кем емес, бірақ 300 сөзден аз болмауы тиіс. Онда қасқаша алғышарттары және зерттеудің мақсаты, басты әдістері, зерттеу түрі, іріктеу көлемі, деректерді өңдеу тәсілдері, сандық көрінісі және статистикалық мәні бар басты қорытындылар және де негізгі түйін мазмұндалады. Түйіндеме – мақаланың электронды форматта берілген жалғыз бөлігі. Сондықтан авторлар түйіндеменің толық жұмысқа дәл келуін қамтамасыз етуі керек.

Жұмыстардың дәйектілігі мен зерттеуші Хирша индексін анықтайтын басты фактор – жақсы жазылған түйіндеме. Әдебиетке шолу, зерттеудің жаңа әдістерін сипаттау немесе мәліметтерді өңдеу, жеке клиникалық жағдайларды сипаттау немесе бақылауға жазылған түйіндеме оқырманды толық текстті оқуға итермелеу керек.

Түпнұсқа зерттеулер үшін жазылған түйіндеме құрылымдамалық түрде болуы керек: мақсаты; әдісі; қорытындысы; түйіні. Редакция түйіндеменің «Қорытынды» бөлімінде алынған нәтиженің сандық мәндерін және статистикалық болжамдарды тексеру кезіндегі жеткен маңыздылықтың деңгейін көрсетуді ұсынады.

Бірінші мақаланың басты тексті жазылған тілде түйіндеме беріледі. Кейін қалған екі тілде. Мысалы, мақала қазақ тілінде жазылған болса, онда бірінші түйіндеме мен кілт сөздер қазақ тілінде беріледі, кейін орыс және ағылшын тілдерінде. Сауатсыз жасалған аударма қолжазбаны қабылдамаудың негізгі себебі бола алады. Редакция аударманы тексттің мазмұнын өзгертпей түзетуге құқылы. Түйіндеменің ағылшын тіліндегі нұсқасын жазған кезде медицина мен экологиялық терминдерді меңгерген кәсіби аудармашының көмегіне жүгінуге кеңес береміз. Кілт сөздер үшін Index Medicus-те (www.pubmed.com) қолданылатын медициналық пәндік тақырыптар тізіміндегі (MeSH, Medical Subject Headings) терминдерді қолданған жөн.

Кілт сөздер

Түйіндеменің астында «Кілт сөздер» тақырыпшасы орналастырылады. Одан кейін зерттеу барысында мәселені көрсететін 5-тен 7-ге дейін кілт сөздер жазылады.

Кіріспе

Бөлімде зерттеу жүргізудің айқын алғышарты: мәселенің мәні мен оның маңыздылығы тұжырымдалады. Автор оқырмандарды зерттеліп отырған мәселемен таныстырып, тақырып бойынша қысқаша баяндау жасап, бұған дейін осы мәселе аясында жүргізілген зерттеу жұмыстары мен онда қандай да бір қате болған болса айта кету керек және оқырманға зерттеудің өзектілігін дәлелдеп кету қажет. Бұл тақырып бойынша жүргізілген барлық жұмыстарды атап қажет емес, тек қана маңыздылығы жоғары және осы тақырыпқа тікелей қатысты зерттеу жұмыстарын атап өтсе жетерлік. Зерттеліп отырған тақырып бойынша тек отандық емес, сонымен қатар шет елдік зерттеулерге сілтеме жасалған жөн. Зерттеулерге сілтеме жасалған кезде ағылшын тілдік рецензияланған әдебиеттердің тізімі жалпы әдебиет тізімінің 50%-нан кем болмауы тиіс.

Бөлім соңында зерттеудің мақсаты құралады. Мұнда мақсатқа жету жолындағы міндеттер аталады. Мақсатты тұжырымдау кезінде оқырманның көз алдына толық және нақты не және қандай әдіспен зерттелейіндеп жатырғандығы туралы анық түсінік қалыптасуы қажет. Бұл бөлімге әрі қарай жұмыс барысында көрсетілетін қорытынды немесе түйінді қоспаған жөн.

Әдістері

Зерттеудің түпнұсқа хаттамасына сәйкес жобаны жоспарлау кезінде қолдануға бағамдалған әдістерді ғана бұл бөлімге қосу қажет. Зерттеу жүргізіліп жатқан кезде қолдануға қажеттілік туындаған қосымша әдістер «Қорытындыларды талқылау» бөлімінде ұсынылады. Оқырман өз бетімен осы зерттеудің әдіснамалық плюстары мен минустарын бағалап, сонымен қатар оны қолдана алатындай болуы үшін бөлім жан-жақты жазылуы тиіс.

Бұл бөлімде келесі жәйттарды анық жазу ұсынылады (оларды бөлек бөлімдерге бөлу міндетті емес): зерттеу түрі; зерттеу қатысушыларын іріктеу тәсілі; өлшеуді жүргізу тәсілі; мәліметтерді ұсыну тәсілі: мәліметтерді статистикалық өңдеу; этикалық қағида.

  1. Зерттеудің түрі

Осы бөлімде жүргізілетін зерттеудің нақты түрі көрсетіледі (әдебиетке шолу, обсервациялық, эксперименттік, және т.б.). Обсервациялық зерттеу жүргізген кезде сипаттамалы немесе талдамалық әдіс екенін көрсету қажет. Талдамалы түрде зерттеудің жан-жақтылығы анықталады: көлденең (бір сәттік), мысалы «жағдай – бақылау», шоғырламалық әдіс, экологиялық (корреляциялық) және т.б. Мезгілдік өзгерістерге тәуелді нышандарды зерттеу кезінде жыл мен айды көрсету ұсынылады. Әдебиетке шолуда қай дерекқордан және олар үшін қандай критерийлерге байланысты басылымдар іріктелгенін нақты көрсету керек.

  1. Зерттеу қатысушыларын іріктеу тәсілі

Бұл бөлімде бақылау мен сынақтар үшін іріктелген пациенттер мен лабораториялық жануарлардың нақты қай жолмен таңдалғаны көрсетіледі. Зерттеуге қосатын немесе одан шығарылатын потенциалды қатысушыларға нақты критерийлер белгіленеді.

Зерттеу қатысушылары іріктелетін және алынған қорытынды экстраполяцияланатын басты қосындыны көрсету ұсынылады. Зерттеуде нәсілдік немесе этникалық тиесілілікті қолданған кезде мұндай тұрақсыз шаманың бағалануы мен оны қолдану қандай мағына білдіретінін түсіндіру қажет. Обсервациялық зерттеулерде сұрыптауды жасаудың тәсілін көрсету қажет (қарапайым кездейсоқ, стратификациялық, жүйелілік, кластерлік, көп сатылы, және т.б.) және осы қатысушылар санының зерттеуге қосуын дәйектеу. Эксперименттік зерттеулерде рандомизацияның рәсімдерінің бар немесе жоқ екенедігін көрсету керек. Рандомизация рәсімдерінің сипаттамасын ұсыну қажет. Сонымен қатар жасыру рәсімінің жүргізілгенін немесе жүргізілмегенін көрсету қажет. Статистикалық гипотезаларды тексеру үшін минималды сараптау көлемінің есебі немесе басты есептеу үшін ретроспективті есептеу күші мақұлданады. Эксперименттік зерттеулер үшін іріктеу көлемінің есебі міндетті болып саналады.

  1. Өлшеу жүргізудің әдісі

Зерттеуді ұсынылған сипаттама бойынша жаңғырту үшін қандай да бір параметрлерді өлшеудің, мәліметтерді жинаудың, емдік немесе диагностикалық араласулардың барлық рәсімі егжей-тегжейлі жазылуы тиіс. Қажеттілік бойынша қолданылып жатқан әдістің толық сипаттамасына сілтеме жасауға болады. Егер зерттеуші өзінің бұрынырақ сипатталған әдісінің модификациясын қолданса немесе жаңасын ұсынса, міндетті түрде қолданылып отырған модификациясының немесе әдісінің қысқаша мазмұнын, және де жалпы қолданыстағы әдістерге қарсы аргументтерін келтіреді. Осы зерттеуде қолданылатын емдік дәрі-дәрмектердің (коммерциялық және халықаралық), химиялық заттардың, дозалар және препаратты енгізудің атауы көрсетіледі. Қолданылатын аппараттар, құралдар, дәрілік препараттар және т.б. өндірушіге сілтемемен сүйемелденеді.

  1. Мәліметтерді ұсыну және өңдеу тәсілі

Бұл бөлім халықаралық сын-пікір әдебиетіне бұрынғы СССР ғалымдары жұмысының басылымға шығуына қабылдамаудың басты себебі болып табылғандықтан авторларға бөлімге аса назар аударуды ұсынамыз. Бастапқы деректерге рұқсаты бар адам алынған нәтижені тексере алатындай болу үшін қолданылып жатқан өңдеу деректері толық сипатталуы керек. Журнал редакциясы күдікті жағдайда мақала авторларынан ұсынылған нәтижені тексеру мақсатында бастапқы деректерді сұратуы мүмкін. Бұл бөлімде жұмыста қолданылатын барлық статистикалық терминдерге, таңбаларға және қысқартуларға анықтама беру қажет. Мысалы, М – орташа арифметикалық, SD – қалыпты ауытқу, m – орташа арифметиканың қалыпты қатесі, Me – медиана, Mo – сән, және т.б. Егер зерттеуде статистикалық болжамдар тексерілсе, онда авторлар қабылдаған дағдарыстық деңгейдің маңыздылығын көрсету қажет (р). Болжамдар анық құрылып, оқырманға түсінікті тілмен сипатталуы тиіс.

Журнал редакциясы статистикалық болжамды тексеру кезінде жеткен деңгей мәніне ғана арқа сүйеуге кеңес бермейді. Себебі, р көлемі толық ақпаратты бермейді. Нәтижені қате көрсеткіші және белгісіздік бойынша ұсынуға кеңес беріледі (сенімдік интервалдары). Статистикалық әдістерді сипаттау кезінде мақала алды әдебиеттер тізімінде нұсқаулықтар мен анықтамалықтардың беті көрсетілген әдістемелік-мерзімдік басылымдарға сілтемелер келтірілуі тиіс. Статистикалық рәсімдерден бөлек болжамдарды тексеру үшін өзге маңыздырақ салыстырулардың әсерінің көлемін есептеу керек.

Зерттеу барысында бірнеше статистикалық өлшемдер қолданылған жағдайда оларды атап өтіп, әр өлшем қай жағдайда қолданылғанын көрсету қажет. Мәліметтерді статистикалық өңдеуді екі ұшты, яғни «Statistica қолданбалы бағдарламалар пакетін қолданумен вариациялық-статистикалық өңдеу жалпы қабылданған өлшемдік және өлшемдік емес статистикалық әдістер арқылы жүргізілді» секілді сипаттау ақпараттық емес және жарамсыз болып табылады. Мұндай тұжырымдамалар рецензентке жіберілмей қайтадан жөндеуге авторға қайтарылады. Бұл дегеніміз қолжазбаның басылымға шығу уақытын ұзартады. Қандай да бір мәліметтерді өңдеу әдістерін қолдану нақты дәлелденуі қажет. Мысалы, параметрлік критерийлерді қолданған кезде қандай критерийлер арқылы тексеру рәсімдері бөлінгенін сипаттаған жөн. Бұл шарттар маңызды болып табылатын әдістерді қолдану шарттарын бұзбауды тексеру қалай жүргізілгенін көрсету үшін керек. Оқып шығу нұсқасын болдырмау үшін әрбір қолданылатын критерий белгіленеді. Мысалы, егер таңдаулы орташалардың салыстыруы Стьюдент критериі арқылы жүзеге асса, Стьюденттің қандай критериі (тәуелсіз сұрыптау немесе жұпты бақылау) жұмыста қолданылғаны көрсетілу қажет. Корреляциялық талдау жасалды деп айту жеткіліксіз, корреляцияның қандай коэффициенті саналғанын көрсеткен жөн. Мәліметтерді көп өлшемді өңдеу әдісін қолданған кезде модельге қосу үшін қандай тәсілмен айнымалылықтар сұрыпталғаны және қандай категория салыстыру категориясы болып қолданылғанын көрсету керек. Егер мәліметтерді өңдеуде сирек кездесетін әдіс қолданатын болса көрсетіп өту қажет. Дәл осы әдіс неге қолданылғандығын және әдебиеттер дереккөзіне сілтеме жасап, аталмыш әдісті қысқаша сипаттау керек.

Мәліметтерді өңдеу үшін статистикалық бағдарламалар пакеті қолданылса, оның аты мен нұсқасы көрсетіледі.

  1. Этикалық қағидаттар

Егер мақалада адамға жасалған тәжірибе туралы айтылған болса, бұл рәсім осы тарапқа жауапты этикалық нормалар комитетінің стандарттарына немесе 1975 ж. Хельсин декларациясына сәйкес келетіндігін атап өту қажет. Мақалада көрнекі құралдар мен суреттер көрсетілген болса, тәжірибеге қатысқан пациенттің аты-жөнін, сырқатнаманың нөмірін атамаған жөн. Зерттеуде лабораториялық жануарларды қолданған жағдайда қанша және қандай түрдегі жануарлар қолданылғанын, қолданыстағы заңға сәйкес Міндетті түрде жоба барысында басылымға ұсынылған нәтиже мен протокол нөмірін және этикалық экспертиза өткен уақытын көрсету. Этикалық сараптама болмаған жағдайда негіздеме беру қажет.

Қорытынды

Бұл бөлімде мақаланың мақсат-міндеттеріне сәйкес қорытынды ұсынуға арналған. Аталмыш зерттеу жұмысы барысында алынған қорытынды өзге авторлардың ұқсас зерттеулер қорытындысымен салыстырылмайды және талқыланбайды.

Зерттеудің мақсат-міндеттерінің кезектілігіне сүйене отырып, қорытындыларды текстте, кестелерде және суреттерде көрсету керек. Кестеде немесе суретте берілген қорытындыны текстте қайталамаған жөн және керісінше. Зерттеу мақсат-міндеттеріне байланысты зерттеулер ғана сипатталады, жинақталады және айқындалады. Қорытындыларды баяндау әдістерді баяндауға сәйкес келу керек. Сұрыптаудың немесе зерттеліп отырған топтың жалпы сипаттамасын негізгі зерттелетін белгілер көрсетілген кестеде ұсыну қажет. Орташа көлеммен қатар тарау мөлшерін немесе ораташа үшін және үлес сенімдік интервалдарын көрсету керек.

Бастапқы деректермен салыстырғанда орташа көлемді бір ондық таңбаға тура келтірмеу керек Үлестерді сипаттағанда бақылаудың абсолютті көлемін, соның ішінде шағын іріктемеде көрсету керек. Егер үлес 1%-дан кем болса проценттер екі он таңбалы санмен беріледі. Егер үлес 1%-дан 10%-ға дейін болса, бір он таңбалылық жеткілікті. Орташа көлемге де, үлеске де 95% сенімдік интервалы қолданылғаны құпталады. Мәнділік деңгейі жеткен әр қолданылған статистикалық критерий үшін үшке дейінгі он таңбалылықты ұсынған жөн. Редакция р < 0,05 немесе р > 0,05 (тек p < 0,001-ден басқа) тұжырымдамасын қолданудан алшақ болуға кеңес береді. p < 0,05; р > 0,05 немесе «айырмашылығы мәнсіз» тұжырымдамасының орнына мыңдық бөліктегі р көлемінің абсолютті мәнін (мысалы, р = 0,032) көрсеткен жөн. Мәндік деңгейге жеткеннен бөлек критерийлердің нақты мәнін және бостандық дәрежесінің санын келтіру керек. Мысалы, Пирсон хи-квадрат критериі бостандық екі дәрежесі болған жағдайда келесі көрсеткішті береді: χ2 = 29,2, d. f. = 2, р < 0,001. Орташа мәндердің араларындағы растылық (және керісінше) айырмашылықтарын көрсету қате болып табылады, дұрысы статистикалық мәні бар (немесе жоқ) айырмашылықтар жайында айту. Статистикалық критерийлерді қолдана отырып ұсынатын қорытынды жайлы кеңірек арнайы әдебиеттерден табуға болады, мысалы келесі мақалаларда бар:

  • Унгуряну Т.Н., Гржибовский А.М. Краткие рекомендации по описанию, статистическому анализу и представлению данных в научных публикациях. Экология человека. 2011. №5. С. 55-60.

Мәнді статистикалық айырмашылықтарды табу расталған немесе клиникалық маңызды байланыстарды және себеп-салдарлық байланысты әркез білдіре бермейтіндігін есте сақтаған жөн.

Авторларға отандық басылымдарда статистикалық өңдеу мен мәліметтерді беру кезінде жиі кездесетін қателіктермен танысуды ұсынамыз:

  • Рахыпбеков Т.К., Гржибовский А.М. К вопросу о необходимости повышения качества казахстанских научных публикаций для успешной интеграции в международное научное сообщество. Наука и здравоохранение. 2015. №1. С. 5-12.

Өлшеу бірлігі халықаралық СИ бірлік жүйесіне сәйкес беріледі.

Кестелер берілген мәліметті қысқа және анық, жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді. Қорытындыларды кесте түрінде жинақтау тексттің көлемін едәуір кішірейтеді. Кестелер текстте аталған реті бойынша нөмірленеді. Әр кестенің мазмұнына қарай тақырыбы болу керек. Кестенің қапталы мен бағанына да тақырып қойылу тиіс. Қысқартулар қолданылған жағдайда кесте астындағы ескертуде ашылып жазылады. Барлық түсініктемелер де сол жерге жазылады. Сілтемелер үшін жоғырғы регистрде (а) латын әріптік белгілеу қолданылады. Кесте үлкен болмауы және зерттеудің мақсат-міндеттеріне қатысы жоқ ақпараттан тұрмауы керек. Өзге дереккөзден алынған кестенің ақпараттық дереккөзі мен бибилиографиялық сілтемесі көрсетіледі. Түпнұсқа жұмыста 5 кестеден артық болмағаны жөн.

Иллюстрациялар. Барлық графиктер, иллюстрациялар және фото суреттер электронды түрде беріледі. Фото суреттер контрастті және JPEG немесе PDF фор­матында болады. Графиктер, сызбалар және суреттер PDF немесе JPEG форматында ұсынылады. Адамдардың фото суреттері қолданылса, олар танылмайтындай болуы керек немесе аталмыш суреттерге жазбаша рұқсат қағаздар қосымша ұсынылады. Барлық иллюстрациялардың тақырыбы болуы керек, және де мақаланың текстіне жүгінбестен түсінікті болуы қажет. Сурет астына шартты жазбаларға сипаттама беріледі. Барлық иллюстрациялар текстте аталған реті бойынша араб цифрларымен нөмірленеді. Өзге дереккөзден алынған иллюстрациялардың ақпараттық дереккөзі мен библиографиялық сілтемесі көрсетіледі. Бір мақалада 5 иллюстрациядан артық ұсынылмайды.

Нәтижені талқылау

Бұл бөлімде келесі құрылымды сақтаған жөн:

  1. Зерттеудің мақсат-міндеттерін басшылыққа ала отырып, қасқаша түйіндеме (2-3 сөйлемнен аспайтын) жасау.
  2.  Зерттеудің басты құндылығы
  3. Зерттеудің басты кемшіліктері

а. Жүйелі қателер

  • Сұрыптау қатесі
  • Ақпарат қатесі (өлшеу)
  •  Кофаундинг эффекті

б. Кездейсоқ қателер

 4. Нәтижені өзге зерттеулердің нәтижелерімен қарама-қайшылық болған жағдайдағы салыстыру

 5. Нәтижені түсіндіру және оның мағынасы

 6. Түйін

 Бұл бөлім түпнұсқа зерттеуді сипаттайтын мақалаларда зерттеудің негізгі қорытындысын жазудан (2-3 сөйлемнен аспайтын) басталады. Негізгі қорытынды дегеніміз зерттеудің бұрынырақ белгіленген мақсат-міндеттері. Жанама нәтижеге статистикалық гипотезаны тексеру кезінде жеткен статистикалық маңызды айырмашылық үшін ғана көңіл аударудың қажеті жоқ. Аталмыш бөлімде «Кіріспе» және «Әдістер» бөлімдерінде сипатталған материалды қайталамаған жөн. Дәл осы нәтижеге қалай жеткендігін түсіндіре отырып, зерттеудің жаңа және маңызды аспекттері атап өтіледі. Зерттеудің кемшіліктерін, соның ішінде бұл кемшіліктер алынған нәтижеге немесе интерпретацияға әсері жете сипатталады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының мықты тұстарын және осы тақырыптағы өзге жұмыстардан артықшылығын да атап өту керек. Зерттеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау оқырманға алынған қорытындыны түсінуге көмегін тигізеді. Зерттеудің кемшіліктерін (мінсіз зерттеу болмайды) рецензент пен оқырман анықтағаннан гөрі, автордың өзі назар аудартқандығы дұрыс. Бөлімде аталмыш зерттеу нәтижелері мен өзге авторлардың ұқсас жұмыстарының ара қатынасы белгіленеді. Ұқсас зерттеулерді жәй ғана атап өткеннен гөрі, қорытындылар айырмашылықтарын түсіндіріп өту керек. Алынған қорытындыны қолдану-қолданбау аясы талқыланады. Аталмыш зерттеу нәтижесінен шығатын кейінгі зерттеу бағытын анықтауға тырысу керек. Жаңа гипотезалар құрауға болады, бірақ бұл тек гипотеза екенін анықтап кету керек. Кей жағдайда зерттеу қорытындысын практикада қолдану туралы кеңестер беріліп кетеді.

Нәтижені (түйін) дәйексіз мәлімдемелар мен қорытындылардан алшақ болып, зерттеу мақсаттарына сүйене отырып жасау керек. Мысалы, мақалада салыстырмалы экономикалық тиімділіктің талдауы келтірілмесе, Х сырқатымен пациентке жаңа әдісті қолданудың экономикалық мақсаттылығы туралы нәтиже шығарудың қажеті жоқ. Аяқталмаған жұмысқа сілтеме жасап, басымдылық туралы мәлімдеме жасалмау керек.

«Нәтиже» бөлімінен кейін «Авторлық» бөлімі жазылады. Авторлықтың критериіне сәйкес болу үшін әр автордың нақты авторлық үлесі көрсетілу қажет. Халықаралық медицина журналдарының редакторлары комитетінің критерилеріне сәйкес келесілер мақала авторы болып саналады: 1) зерттеудің дизайны мен тұжырымдамасына, жинақтау, саралау және мәліметтер интерпретациясына қомақты үлес қосқандар; 2) мақаланың алғашқы нұсқасын немесе оның маңызды интелектті мазмұнына байланысты қайта жасағандар; 3) редакцияға жіберілген қолжазбаны ақырғы бекіткендер.

Қаржыландыру көзін жұмылдыру, мәліметтерді жинау немесе зерттеу тобына басшылық жасау авторлық ұғым болып табылмайды.

Әр автор мақаланың тиісті мазмұны үшін жауапты болатындай қомақты үлес қосу керек.

Әр автордың үлесі (инициалдары беріледі) еркін нысанда сипатталады. Аталған авторлық критерилеріне сәйкес келмейтін, бірақ аталмыш зерттеуге үлес қосқан тұлғалар «Алғыс айту» бөлімінде аталып өту керек (Acknowledgements – ағылшын тілінде).

«Алғыс айту» бөлімінен кейін зерттеудің қаржыландыру көздері мен мүдделерінің арасындағы мүмкін болатын қарама-қайшылықтар жайында ақпарат беріледі. Ондай жағдай болмаған кезде «Авторлар мүдделері арасындағы қарама-қайшылықтар жоқ» деп жазып өтуге болады. Редакция әдебиеттер тізімі алдында ORCID және SPIN тіркеу нөмірлерін көрсетуге кеңес береді. Бұл оқырмандардың өзге авторлар мақалаларымен сәйкестендіруі мен олардың дәйектілігінің артуы үшін қажет. Жоғарыда аталған нөмірлерді (олар болмаған жағдайда) келесі сайттарда жасау қажет:

 ORCID-ті алу үшін - https://orcid.org/register

SPIN-ді алу үшін - http://elibrary.ru/projects/science_index/author_tutorial.asp 

Әдебиеттер тізімі ванкувер стиліне сәйкес дәйектелетін жұмыстардың қысқа библиографиялық сипаттамасын ұсынуы тиіс, мүмкіндігінше соңында doi индексі дереккөзі көрсетілгені дұрыс. Мысалы:

  1. 1.      Böcking W., Ahrens U., Kirch W., Milakovic M. First results of the introduction of DRGs in Germany and overview of experience from other DRG countries. J Public Health (Oxf) 2005;13:128-137. doi: 10.1007/s10389-005-0103-4.
  1. 2.      Marx W. Tracking historical papers and their citations. European Science Editing 2012;38(2):35–37

Сілтемелер мәтіндегі дәйектелу ретімен нөмірленеді. Библиографиялық сілтемелер мәтінде шаршы жақшада араб цифраларымен беріледі. Шет елдік авторлардың аты-жөні түпнұсқа транскрипцияда беріледі. Мүмкіндігінше заманауи (2004 жылдан бері қарай) басылымдарға сілтеме жасаған жөн. Түпнұсқа басылымдар үшін дереккөз саны 30-дан, шолу мақалаларында 100-ден аспау керек.

Редакция әдебиеттер тізімінде ұлттық, Ресейлік әдебиеттер (50%) және халықаралық басылымдарға шыққан рецензияланған шет елдік басылымдар арасында баланс болу керектігін еске салады.

Редакция мәлімдеме түйініне, газеттерге, басылып шықпаған зерттеулерге және жеке хаттарға сілтеме жасағанды құптамайды. Сілтемелер қолжазба авторларының түпнұсқа құжаттарымен сәйкестендіріледі. Автор библиографиялық дереккөз бен оның ағылшын тіліне аудармасының дұрыстығына жауапты.

Әдебиеттер тізімі «Скопус» ХМД талаптарына сай болу үшін екі нұсқада беріледі:

1. Ванкувер стиліне сәйкес шет елдік дереккөздермен бірге орыс тілді

2. Басылымдар дереккөздерінің ағылшын тіліне аударылған латын әріптерімен транслитерацияда.

Орыс тілдегі текстті латын тіліне http://www.translit.ru/ сайтындағы ақысыз транслитерация бағдарламасымен (BSI нұсқасы) аударуға болады.

Қабылданбаған мақалалар қайтарылмайды.

Мақаланы өңдеу құны 1 бетке – 700 теңге.

Журналдың баспа нұсқасы – 1100 теңге.

Журналға жазылу жайында

 

 

 

2023 жылдың шілде айынан бастап Knowledge E компаниясы West Kazakhstan Medical Journal журналын жариялау және орналастыру қызметтерін ұсынады. Журналдың келесі басылымдарына өтіңіз: https://knepublishing.com/index.php/wkmj/index

 

 

 

Мақалаларды сараптау сызбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Редакциялық кеңес

Редакциялық кеңес құрамы

Ақшолақов Серік Қуандықұлы 

медицина ғылымының докторы, профессор, ҰҒА академиясының академигі, ҚР еңбегі сіңген қызметкер

 

Арзыкұлов Жеткерген Әнесұлы

медицина ғылымының докторы, профессор

 

 

Ахметов В.А.

 

Байгенжин Абай Қабатайұлы

медицина ғылымының докторы, профессор, жоғары дәрежелі дәрігер-ұйымдастырушы, «ҚР еңбегі сіңген қайрткер», Европалық табиғи ғылымдар академиясының академигі

 

Боев Виктор Михайлович

медицина ғылымының докторы, профессор, РҰҒА академиясының  академигі, РС-ның жоғарғы мектебінің  еңбегі сіңген қызметкері, РФ еңбегі сіңген қайраткері

 

Власов Василий Викторович

медицина ғылымының докторы, профессор, №1 Мәскеу медициналық университеті мен Жоғаы  экономикалық мектептің профессоры

 

Жақсылық Ақмұрзаұлы Досқалиев

профессор, доктор медицинских наук, лауреат Государственной премии Республики Казахстан

 

Кузденбаева Раиса Салмагамбетовна 

РҚ ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері

 

Мусинов Серикбол Рахимканович

медицина ғылымының кандидаты

 

 

Macchiarelli G.

 м.ғ.д., профессор. Медицина факультеті, Медицина-санитарлық дисциплина кафедрасы

Л’А́куила университеті, Италия

Nottola S.A.

профессор, доцент. Медицина факультеті, адам анатомия кафедрасы

Ла Сапиенца университеті, Рим, Италия

Плавинский Святослав Леонидович

медицина ғылымының докторы, профессор (Ресей)

 

 

Румянцев Александр Григорьевич

медицина ғылымының докторы, профессор РҰМА-ның академгі, РҰТҒА академигі

 

Сексенбаев Бахытжан Дербісәліұлы

медицина ғылымының докторы, профессор, ҰҒА академигі

 

Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы

медицина ғылымының докторы, профессор

 

 

Шарманов Төрегелді Шарманұлы

ҰҒА академигі,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҰҒА президиум мүшесі

Редакциялық ұжым

Редакциялық ұжымның кұрамы

 

Бас редактор:

М.К. Телеуов

 

Бас редактордың орынбасары:

Н.М. Мусин

 

Жауапты хатшы:

Л.М. Жамалиева

Г.C. Дильмагамбетова

 

Жауапты шығарушы редактор:

В.И. Кононец

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ ҰЖЫМ

Р.А. Арингазина

А.М. Баспакова

Т.А. Джаркенов

Б.С. Жакиев

Б.К. Жолдин

Г.А. Журабекова

М.К. Изтлеуов

Б.Ж. Каримова

Х.И. Кудабаева

А.А. Мамырбаев

Р.Е. Нургалиева

Б.Т. Тусупкалиев

Ақ.Б. Тусупкалиев

Редакциялық-баспа орталығы

Редакциялық-баспа орталығы жайында

Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетінің редакциялық баспа орталығы оқу орынының оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және арнайы әдебиеттерді, сондай-ақ, сұранысы жоғары бұрын шығарылған әдебиеттер мен оқулықтарды қайта басып шығаратын, «Батыс Қазақстан медицина журналы» мен «Медик» газетін басатын құрылымдық бөлімше болып табылады.

Редакциялық баспа орталығының  негізгі мақсаты оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін университеттің Ғылыми Кеңесінде бекітілген жылдық тақырыптық жоспар бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сай оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттер, ғылыми жұмыстар, анықтамалар, ақпараттық-жарнамалар және т.б. әдебиет түрлерін, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына енгізілген ведомствалық әдебиеттерді басып шығару болып табылады. Басылымдар орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде шығарылады. Сонымен бірге  университеттің ішкі сұранысына орай «Мақтау қағазы», «Алғыс хат», «Құттықтау», «Шақыру», қалта кітап, күнтізбе, қағаз қалта, сыйқалта т.б. баспа өнімдерін басады. Редакциялық –баспа  орталығының  құрамына  «Батыс Қазақстан медицина журналы», «Медик» газеті, тираждау  цехы және  университет сайты кіреді.2013 жылдан бастап «Батыс Қазақстан медицина журналының» дербес сайты іске қосылды. 

«Медик» газетінің тұңғыш саны 1969 жылы  сол кездегі ректор Т.Ш.Шармановтың тікелей басшылығымен жарық көрді. Газеттің алғашқы редакторы В.И.Копистко. Басылым мемлекеттік саясат, Президент жолдауы, білім беру, денсаулық сақтау  мен тәрбие ісі саласындағы реформалар  туралы  жариялайды.  Газетте «Саламатты Қазақстан», «Тәуелсіз елім- менің»,  «Университеттің 55 жылдығы», «5 экономикалық форум», «Біздің адамдар», «Студент беті», «Сүйінші», «Бәрекелді», «Тұлға» т.б. айдарлар бар. Газетте сапа бөлімінің,  ғылыми кеңестің, үздіксіз білім беру және қабылдау комиссияс, кітапхана, өндірістік бөлім т.б. құрылымдық бөлімдерінің хабарламасы жиі жарияланады. 

Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналында»  «Аналитикалық  шолу», «Эксперименталды және клиникалық  зерттеулер», «Проблемалық мақала» «Бас мақала» деген айдар бар. Денсаулық сақтау саласында жарияланған мемлекеттік реформаларға байланысты  «Саламатты Қазақстан», «Білім берудің жаңа технологиясы», «Білім, ғылымдағы инновациялар»  деген жаңа айдарлар ашылды. «Алқалы жиын» деп аталатын бөлімде профессорлық-оқытушылар құрамының  отандық және шетелдік  іссапарларының нәтижелері  жарияланып келеді. Журнал   үш тілде, қазақ, ағылшын, орыс тілінде басылады. Университетте  ұйымдастырылған  конференциялардың тезистері журналдың қосымша санында жарияланады. Журнал  Қазақстан, ТМД және шет елдерге де  таратылады. Редакция ұжымы алдағы уақытта журналды халықаралық деңгейдегі іскерлік байланыс құралына айналдыру мақсатында іргелі істерді жоспарлап отыр.

Редакциялық баспа орталығының  тираждау цехында  газет-журналдан басқа  университеттің клиникалары мен құрылымдық бөлімдеріне арналған түрлі баспа өнімдері басылады. Бір жыл ішінде медициналық орталық, отбасылық және стомклиника,  зертхана мен  оқу бөліміне арналып орта  есеппен 1,5 млннан аса  парақ бланк және түрлі журналдар  дайындалады.  Республикалық көрмелер мен ғылыми практикалық конференциялар  үшін  стенд-көрмелер де баспадан шығады.  Редакциялық баспа  орталығы университеттің  55 жылдық мерейтойына арналған  «Дәстүр  және жаңғыру»  атты  тарихи-публицистикалық деректемелі  кітапты хаттап, беттеп баспаға тапсырып, оның басылып шығуына үлкен еңбек сіңірді. Осы датаға орайластырылып «Медицинаға  сіңірген  еңбегі  үшін» деген мерекелік медальдің көркемдік дизайны, 55 жылдықтың эмблемасы, естелік қаламсап пен сый қалтаның  дизайны дайындалды. Аталғандардан өзге  естелік қалта кітап, күнтізбе, өңірбелгі, конференцияның бағдарламасы, шақыру билеттері, мерекелік концерттің бағдарламасы да арнайы жасалды.

Университет сайты  үш тілде қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде университеттің  жаңалықтарын,  ғылыми конференциялар  т.б. шаралардың ұйымдастырылатындығы жайында ақпараттарды тұрақты жариялап келеді.  Сайттың негізгі бетінде  «Білім», «Ғылым», «Тәрбие», «Клиникалық жұмыстар», «Сапа бөлімі», «Ректор блогы» орналастырылған. Сонымен бірге осы бетте «Университет тарихы», «Мемлекеттік сатып алу», «Қабылдау  комиссиясы», «Студенттер үшін», «Мұражай», «Кәсіподақ» деген бөлімдер де бар. Үкіметтің,  Денсаулық сақтау, Ғылым және Білім министрліктерінің  сайттарының сілтемесі көрсетілген.  Сайт картасында  университеттің мекен жайы мен оның клиникаларының орналасу реті және қала картасы, жатақханалар мен басқа да құрылымдық  бөлімдердің  орны көрсетілген. Сайт   ішінде ұйымдастырылған іс шаралардың бейне жазбасы, суреттер архиві  де бар. Негізгі бетте кітапхана, «Батыс Қазақстан медицина журналы», «Медик» газетінің сілтемесі көрсетілген. Сайттың ресми адресі «zkdmu. kz».

Редакциялық баспа ортылығының материалдық –техникалық базасы жақсы. Орталық университеттің бас ғимаратында арнайы жабдықталған 4 жұмыс бөлмесінде орналасқан. Көлемі 102 шаршы метрдей. Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында редакциялық баспа оталығындағы  компьютерлер түгелге жуық жаңартылып, орталық  әлемдік  ғаламтор желісіне қосылды. Халықаралық телефон байланысы үздіксіз жұмыс жасап тұр.  «Konika Minolta c6000 l» - баспа қондырғысы,   электрлі  желімдегіш, электрлі  пышақ, бет хаттаушы алынды. Сонымен бірге электрмен қалта кітап жапсыратын, қапсырма жасайтын құрылғылар да сатып алынды. Кеңселік жиһаз, үстел-орындықтар жаңартылып, жұмыс жасауға толық жағдай қалыптастырылған.

Редакциялық баспа орталығының кадрлық құрамы

Орталықтың кадрлық құрамы түгелге жуық кәсіби жоғары білімді мамандармен толықтырылды. Редакциялық баспа орталығындағы  мамандардың -11 жоғары білімді кәсіби маман. Екі маман арнаулы орта білімнен соң жоғарғы оқу орынының 4-5 курстарында сырттай білім алуда. Редакциялық баспа орталығының мамандары өздерінің білімі мен тәжірибелерін облыстық, республикалық деңгейдегі көрме, жиын, байқауларға жиі қатысып, біліктілігін арттырады.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс

Редакциялық баспа орталығы  республикалық   радио және телеарналар,  газет-журналдар редакциясымен тығыз байланыс орнатты. Республикалық «Қазақстан»  арнасы бойынша «Мемлекеттік тіл- менің тілім»,  облыстық телеарна бойынша «Тұқым қуалаушылық», «Отбасы және дәрігер», «Жайың қалай, студент?»  атты  телехабарлар ұйымдастырылды. Бұл телехабарларға   профессорлар, факультет декандары,  кафедра жетекшілері және студенттер қатыстырылды. Жергілікті радио торабы арқылы «Тәуелсіздікке 20 жыл», «Саламатты Қазақстан», «Біздің мақтаныштарымыз» атты  радиохабарлар легі  ұйымдастырылды.

Республикалық  «Президент  және  халық» ,«Нұр Астана», «Дала мен қала»  газеттеріне университеттің 55 жылдығына арналған мақалалар топтамасы жарияланды. Университетте  мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы  да назардан тыс қалмады, бұл жөнінде  республикалық  «Ана  тілі» газетінде  «Болашақ дәрігерлер қазақша сөйлейді» атты  қазақ тілі каферасының  меңгерушісі М.Сәбитбекованың  мақаласы  орналастырылды.  Мемлекеттік  қоғамдық-саяси публицистикалық  «Айқын»  газетінде ,  «Парасат» «Денсаулық және отбасы» журналдарында да 55 жылдықтың тақырыбы қамтылды.

Кәсіби шеберлікті шыңдау үшін орталық жетекшісі І.Тажгулова мен көркеуші редактор С. Оразов «Коника Минолта» компаниясының сертификатына ие болды. С.Оразов дәрігерлердің облыстық кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен марапатталды. Тілші С.Тоғызбаева республикалық «Тілшілердің заңды құқығын қорғауы» атты республикалық  семинар жұмысына белсене ат салысты.

Редакция баспа орталығы мамандары алдағы уақытта  университеттің редакциялық баспа орталығын Батыс Қазақстан аймағындағы  жоғарғы және орта  арнаулы оқу орындары үшін  заманауи инновациялық технологияға негізделген ақпараттық  технологиялық орталыққа айналдыруды жоспарлап отыр.

Редакциялық саясат

«Батыс Қазақстан медицина журналының» редакциялық ұстанымы және саясаты

Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналы» 2004 жылдан бастап шығады. Басылымға  08.11.2010 жылы ҚР байланыс  және ақпарат министрлігінің №11355-Ж тіркеу куәлігі берілген. «БҚМЖ» беттерінде жарияланған ғылыми еңбектердің деңгейі халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, журнал 2005 жылы Парижде (Франция)  халықаралық тіркеуден өтіп, оған ISSN 1814-5620 нөмірі берілді. Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналының» оқырмандары - магистранттар, аспиранттар, медицина ғылымының кандидаттары, профессорлар, академиктер, зертханашылар, ғылыми қызметкерлер, фармацевттер мен барлық деңгейдегі медицина қызметкерлері.

Редакция ұжымы SCKOPUS, EBSCO сияқты рефераттық базаларға енуді өзінің аса маңызды және айрықша бағыты етіп ұстанады. Журналдың 2004 жылдан бергі электрондық нұсқасы Қазақстаннның электрондық кітапхана қорына енгізілген.  Батыс Қазақстан медицина журналы қазақстандық ақпаратты-аналитикалық құрылымның ғылыми индекстеу тізімінде де бар. 2013 жылы журнал «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы» АҚ-ның Эксперттік және Консультативтік  кеңесінен экспертизадан (010015Р) табысты өтті.

Журнал Ulrich’s International Periodical Directory халықаралық және италиялық CINECA ғылыми басылымдары, сонымен қатар, Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) мәліметтер базаларында индекстеледі.

 

  Журнал 2016 жылғы 15-сәуірдегі комиссия шешімі бойынша Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің Тізіміне (ҚР БҒМ БҒСК) енгізілді.

Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналы» емдеу мекемелері, ғылыми қызметкерлер және тәжірибелік дәрігерлердің медицина саласындағы ғылыми әріптестіктік байланысына қолдау жасайды. Олардың кәсіби білім және тәжірибе алмасуына ынталылық танытады. Журналдың негізгі тақырыптық бағыты - фармацевтикалық және медициналық саладағы ғылыми жаңалықтарды жариялау, мақалалардың таралу ауқымы мен аумағын кеңейту, Қазақстандағы, ТМД және шет елдердегі медициналық жоғарғы оқу орындарының ғылыми  байланысын нығайту. «Батыс Қазақстан медицина журналы» ғылыми-практикалық журналы ғылыми зерттеулердің қорытындыларын, теориялық және эксперименттік мақалаларды, қазіргі медицина  және фармакология, тәжірибелік емдеу ісі жөніндегі ғылыми құнды жаңалық болып табылатын зерттеу жұмыстары жайында жазады.

Журналға медицина мен фармакологияның барлық заманауи бағыттары бойынша жазылған ғылыми-практикалық мақалалар, аналитикалық шолу, қоғамдық медицина, профилактикалық және денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру менеджменті тақырыбында жазылған жұмыстар қабылданады. Денсаулық сақтау саласын заманауи басқару мен тиімді ұйымдастыру, дәрі-дәрмекпен қамту ісін оңтайландыру, денсаулықты сақтаудың рухани  негіздері және іс-тәжірибелік зерттеулер қорытындысы да журналдың тұрақты тақырыбы болып саналады. Сонымен бірге журналдың медициналық және фармацевтикалық білім беру мен емдеу ісінде инновациялық технологияны пайдалану, медициналық іс-тәжірибе алмасу, оқытудың жаңашылдығына арналған алқалы бас қосулар жөніндегі  айдарлары бар. Баспаға ұсынылған мақалалар медицина және фармакология ісіндегі өзекті мәселені, ғылыми жұмыстар мен тәжірибенің маңыздылығын ашып көрсететіндей мақсатта жазылуы тиіс. Автордың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі, білгірлігі зерттеудің статистикалық мәліметтеріне негізделген болуы шарт. Редакцияға тапсырылатын мақала журналдың авторларға қоятын талаптарына сәйкестенген, тақырыбы медицинадағы маңызды да мәнді және зерттеудің инновациялық әдістеріне негізделгені жөн. Зерттеу жұмыстарының тың, жаңашылдығына мән берілген дұрыс. Мақала жоғары деңгейде ғылыми тұрғыдан зерттелген жұмыстардың қорытындысын түйіндегенде ізденушілер мен ғалымдардың, кәсіби мамандардың, оқырмандардың қызығушылығын тудырады. Журналға мақала тапсыратын авторлардың барлығының құқығы тең, олардың ешқайсысына да тұрған жері, ұлты және ғылыми дәрежесіне байланысты шектеулер қойылмайды және артықшылықтар берілмейді. Ең бастысы - мақаланың бұрын-соңды ешқандай бұқаралық ақпарат құралдарында  жарияланбағаны шарт. Журналдың шығарушы және жауапты редакторларының сүзгісінен өткен мақалалар  профилдік рецензенттерге жолданады. Барлық мақалалар рецензияланады. Журналдың рецензенттер құрамы беделді, медицина ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан танымал ғалымдар мен тәжірибелі дәрігерлерден тұрады. Рецензияны  ТМД, Балтық, Польша, Германия, Италия елдерінің беделді  мамандары жасайды. Рецензиялаудың мұндай жоғары деңгейі мақалалардың маңызды, мәнді, мағыналы болуына ықпал етеді. Рецензиялау әдісі «екі жақты жұмбақ» деп аталатын әдіспен өтеді, яғни, автор да, рецензент те бір-біріне беймәлім болады, екі жаққа да  бір-бірі туралы ақпарат берілмейді. Рецензенттің ұсынысымен мақала толықтырулар мен өзгертулер енгізу үшін авторға кері қайтарылуы да мүмкін. Ал, рецензенттің жоғары бағасына лайық деп танылған жұмыстар баспаға жіберіледі. Рецензенттерден өткен мақалалардың бәрі плагиаттық тексеріске ұшырайды, егер мұндай олқылық байқалса, мақала баспаға жіберілмейді. Мақала рецензенттік сүзгіден өткен соң автор мен редакция арасында авторлық құқықты беру  жайындағы келісім-шарт жасалады, онда мақала авторының оны журналға және  бүкіләлемдік ғаламтор желісі арқылы журналдың сайтына және  ғылыми электрондық кітапханада жариялауға жазбаша келісімі бекітіледі.

Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналының» басты мақсаттарының бірі - клиникалық және тәжірибелік медицинаның ғылыми жаңалықтарын кең насихаттау. Басылым ғылыми және практикалық тұрғыдан аса бағалы әрі маңызды жаңалықтар топтастырылған мақалаларды барлық медицина қызметкерлеріне және оның барлық саласындағы мамандарға арнап жазады. Журналда тек клиникалық қана емес, тәжірибелік зерттеулер жайында да жазылады, бұл еңбектер диагностика мен хирургиялық ауруларды емдеуде таптырмайтын жаңалық болып табылады. Баспа өз тарапынан қазіргі заманғы халықаралық  медициналық шолу-мақалаларына ерекше басымдылық береді, себебі, онда қаралатын мәселе жан-жақты және салыстырмалы суреттеледі. Сонымен бірге, халықаралық медициналық қауымдастықтың назарын аударатын клиникалық жағдайлар жөніндегі мақалаларға да ерекше назар аударылады. Ал, тәжірибелік дәрігерлер үшін емдеудің инновациялық әдістері және жаңа технологиялық ұсыныстары жайында жазылған мақалалар басылады. Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналының» беттерінен халықаралық конгресс, съезд, ғылыми-тәжірибелік конференция т.б. алқалы жиындар жайында оқи аласыздар. Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған мақалаларды жариялайды, әсіресе, ағылшын тілінде дайындалған жұмыстарға басымдық беріледі. Шетелдік мамандардың еркін түсініп және тәжірибе, ой алмасуы үшін барлық мақалалардың түйіндемесі ағылшын тіліне аударылып, мақаланың мазмұны кеңірек жазылады. Журналдың  бас редакторы, редакциялық алқа мен кеңес құрамына медицина саласының жоғары  дәрежелі кәсіби мамандары енгізілген. Олар ҚР, ТМД және Европалық одақ елдерінің беделді  медициналық орталықтарында еңбек етеді.

Осындай қатаң рецензиялау талабына қарамастан, редакция жас авторларды көтермелеу саясатын да берік ұстанады, тәжірибелік дәрігерлерге мақала дайындау барысында әдістемелік жәрдем көрсетіледі. Студенттердің рецензиядан өткен ғылыми жұмыстары журналға тегін басылады. Редакциялық баспа орталығы болашақта журналды шетелдік мамандар үшін (Украина,Әзірбайжан, Германия, Польша, Литва,Израиль, Италия және Ресей елдеріндегі) жаздырып алдыру мүмкіндігін жоспарлап отыр.

Редактордан

Құрметті әріптестер!

Біз сізді «Батыс Қазақстан медицина журналы» журналының сайтында көруге қуаныштымыз.

«Батыс Қазақстан медицина журналы» - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ғылыми-тәжірибелік рецензияланатын басылымы. 

Біздің журналымыз Қазақстан Республикасының батыс аймағының барлық медицина қоғамындағы жалғыз түпнұсқалық мерзімді басылым болып табылады.

«Батыс Қазақстан медицина журналы» - іргелі және клиникалық медицинаның, тәжірибелік денсаулық сақтау және медициналық білімнің әртүрлі бағыттары бойынша түпнұсқа зерттеулерді, шолу мақалаларын шоғырландырушы тұғырнама болып табылады.

Журналдың редакциялық ұжымы басылым сапасын жақсарту жолында тұрақты жұмыс жасай отырып, журналдың Қазақстанның лайықты медициналық басылымдарының рейтингіне енуі үшін көп күш жұмсады. Журнал Ulrich Periodical Directory еттерінің базасымен индекстеледі.

Жылдан жылға авторлар мен оқырмандардың ғана емес, редакциялық құрамның жұмысына қызығушы ғалымдардың да географиясы кеңеюде. Журналымыздың сапасын көтеруде біздермен бірге келе жатқан журналдың әртүрлі елдердегі ғылыми серіктестері идеялы шабыт берушілер және жақсы үйлестірушілер болып табылады. 

Біздің басылымға ұсынылған ғылыми мақалалар Сізді қызықтырады және Сіздің жұмысыңызға пайдасы тиеді деген үміттеміз!

 

 

Журналдың бас редакторы

медицина ғылымдарының докторы, профессор                            Ербол Бекмұхамбетов

Мерзімдік басылым

Журнал тоқсан сайын шығады

А4 форматта, 500 дана

ISSN 2707-6180 (Print)

ISSN 2707-6199 (Online)

Байланыс

2023 жылдың шілде айынан бастап Knowledge E компаниясы West Kazakhstan Medical Journal журналын жариялау және орналастыру қызметтерін ұсынады.

Журналдың келесі басылымдарына өтіңіз:

https://knepublishing.com/index.php/wkmj/index