Меншік иесі – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ
Бас редактор: А.А. Калиев
Журнал 2004 жылдан бастап шығады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне 18.04.2019 ж. қайта тіркеліп, №17673-Ж куәлігі берілген.
Журнал «Қазпочта» АҚ каталогында (жазылу индексі – 74740) тіркелген және оның бөлімдері арқылы таратылады. Сонымен қатар, редакция арқылы да таратылады.
Журнал Ulrich’s International Periodical Directory халықаралық және италиялық CINECA ғылыми басылымдары, сонымен қатар, Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) мәліметтер базаларында индекстеледі.
Журнал 2016 жылғы 15-сәуірдегі комиссия шешімі бойынша Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің Тізіміне (ҚР БҒМ БҒСК) енгізілді.
|
|
Редакциялық кеңес құрамы
Ақшолақов Серік Қуандықұлы |
– |
медицина ғылымының докторы, профессор, ҰҒА академиясының академигі, ҚР еңбегі сіңген қызметкер
|
Арзыкұлов Жеткерген Әнесұлы |
– |
медицина ғылымының докторы, профессор
|
Ахметов В.А. |
– |
|
Байгенжин Абай Қабатайұлы |
– |
медицина ғылымының докторы, профессор, жоғары дәрежелі дәрігер-ұйымдастырушы, «ҚР еңбегі сіңген қайрткер», Европалық табиғи ғылымдар академиясының академигі
|
Боев Виктор Михайлович |
– |
медицина ғылымының докторы, профессор, РҰҒА академиясының академигі, РС-ның жоғарғы мектебінің еңбегі сіңген қызметкері, РФ еңбегі сіңген қайраткері
|
Власов Василий Викторович |
– |
медицина ғылымының докторы, профессор, №1 Мәскеу медициналық университеті мен Жоғаы экономикалық мектептің профессоры
|
Жақсылық Ақмұрзаұлы Досқалиев |
– |
профессор, доктор медицинских наук, лауреат Государственной премии Республики Казахстан
|
Кузденбаева Раиса Салмагамбетовна |
– |
РҚ ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері
|
Мусинов Серикбол Рахимканович |
– |
медицина ғылымының кандидаты
|
Macchiarelli G. |
– |
м.ғ.д., профессор. Медицина факультеті, Медицина-санитарлық дисциплина кафедрасы Л’А́куила университеті, Италия |
Nottola S.A. |
– |
профессор, доцент. Медицина факультеті, адам анатомия кафедрасы Ла Сапиенца университеті, Рим, Италия |
Плавинский Святослав Леонидович |
– |
медицина ғылымының докторы, профессор (Ресей)
|
Румянцев Александр Григорьевич |
– |
медицина ғылымының докторы, профессор РҰМА-ның академгі, РҰТҒА академигі
|
Сексенбаев Бахытжан Дербісәліұлы |
– |
медицина ғылымының докторы, профессор, ҰҒА академигі
|
Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы |
– |
медицина ғылымының докторы, профессор
|
Шарманов Төрегелді Шарманұлы |
– |
ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҰҒА президиум мүшесі |
Редакциялық ұжымның кұрамы
Бас редактор: М.К. Телеуов |
|
Бас редактордың орынбасары: Н.М. Мусин |
|
Жауапты хатшы: Л.М. Жамалиева Г.C. Дильмагамбетова |
|
|
Жауапты шығарушы редактор: В.И. Кононец |
РЕДАКЦИЯЛЫҚ ҰЖЫМ
Р.А. Арингазина
А.М. Баспакова
Т.А. Джаркенов
Б.С. Жакиев
Б.К. Жолдин
Г.А. Журабекова
М.К. Изтлеуов
Б.Ж. Каримова
Х.И. Кудабаева
А.А. Мамырбаев
Р.Е. Нургалиева
Б.Т. Тусупкалиев
Ақ.Б. Тусупкалиев
«Батыс Қазақстан медицина журналының» редакциялық ұстанымы және саясаты
Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналы» 2004 жылдан бастап шығады. Басылымға 08.11.2010 жылы ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің №11355-Ж тіркеу куәлігі берілген. «БҚМЖ» беттерінде жарияланған ғылыми еңбектердің деңгейі халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, журнал 2005 жылы Парижде (Франция) халықаралық тіркеуден өтіп, оған ISSN 1814-5620 нөмірі берілді. Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналының» оқырмандары - магистранттар, аспиранттар, медицина ғылымының кандидаттары, профессорлар, академиктер, зертханашылар, ғылыми қызметкерлер, фармацевттер мен барлық деңгейдегі медицина қызметкерлері.
Редакция ұжымы SCKOPUS, EBSCO сияқты рефераттық базаларға енуді өзінің аса маңызды және айрықша бағыты етіп ұстанады. Журналдың 2004 жылдан бергі электрондық нұсқасы Қазақстаннның электрондық кітапхана қорына енгізілген. Батыс Қазақстан медицина журналы қазақстандық ақпаратты-аналитикалық құрылымның ғылыми индекстеу тізімінде де бар. 2013 жылы журнал «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы» АҚ-ның Эксперттік және Консультативтік кеңесінен экспертизадан (010015Р) табысты өтті.
Журнал Ulrich’s International Periodical Directory халықаралық және италиялық CINECA ғылыми басылымдары, сонымен қатар, Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) мәліметтер базаларында индекстеледі.
Журнал 2016 жылғы 15-сәуірдегі комиссия шешімі бойынша Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің Тізіміне (ҚР БҒМ БҒСК) енгізілді.
Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналы» емдеу мекемелері, ғылыми қызметкерлер және тәжірибелік дәрігерлердің медицина саласындағы ғылыми әріптестіктік байланысына қолдау жасайды. Олардың кәсіби білім және тәжірибе алмасуына ынталылық танытады. Журналдың негізгі тақырыптық бағыты - фармацевтикалық және медициналық саладағы ғылыми жаңалықтарды жариялау, мақалалардың таралу ауқымы мен аумағын кеңейту, Қазақстандағы, ТМД және шет елдердегі медициналық жоғарғы оқу орындарының ғылыми байланысын нығайту. «Батыс Қазақстан медицина журналы» ғылыми-практикалық журналы ғылыми зерттеулердің қорытындыларын, теориялық және эксперименттік мақалаларды, қазіргі медицина және фармакология, тәжірибелік емдеу ісі жөніндегі ғылыми құнды жаңалық болып табылатын зерттеу жұмыстары жайында жазады.
Журналға медицина мен фармакологияның барлық заманауи бағыттары бойынша жазылған ғылыми-практикалық мақалалар, аналитикалық шолу, қоғамдық медицина, профилактикалық және денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру менеджменті тақырыбында жазылған жұмыстар қабылданады. Денсаулық сақтау саласын заманауи басқару мен тиімді ұйымдастыру, дәрі-дәрмекпен қамту ісін оңтайландыру, денсаулықты сақтаудың рухани негіздері және іс-тәжірибелік зерттеулер қорытындысы да журналдың тұрақты тақырыбы болып саналады. Сонымен бірге журналдың медициналық және фармацевтикалық білім беру мен емдеу ісінде инновациялық технологияны пайдалану, медициналық іс-тәжірибе алмасу, оқытудың жаңашылдығына арналған алқалы бас қосулар жөніндегі айдарлары бар. Баспаға ұсынылған мақалалар медицина және фармакология ісіндегі өзекті мәселені, ғылыми жұмыстар мен тәжірибенің маңыздылығын ашып көрсететіндей мақсатта жазылуы тиіс. Автордың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі, білгірлігі зерттеудің статистикалық мәліметтеріне негізделген болуы шарт. Редакцияға тапсырылатын мақала журналдың авторларға қоятын талаптарына сәйкестенген, тақырыбы медицинадағы маңызды да мәнді және зерттеудің инновациялық әдістеріне негізделгені жөн. Зерттеу жұмыстарының тың, жаңашылдығына мән берілген дұрыс. Мақала жоғары деңгейде ғылыми тұрғыдан зерттелген жұмыстардың қорытындысын түйіндегенде ізденушілер мен ғалымдардың, кәсіби мамандардың, оқырмандардың қызығушылығын тудырады. Журналға мақала тапсыратын авторлардың барлығының құқығы тең, олардың ешқайсысына да тұрған жері, ұлты және ғылыми дәрежесіне байланысты шектеулер қойылмайды және артықшылықтар берілмейді. Ең бастысы - мақаланың бұрын-соңды ешқандай бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбағаны шарт. Журналдың шығарушы және жауапты редакторларының сүзгісінен өткен мақалалар профилдік рецензенттерге жолданады. Барлық мақалалар рецензияланады. Журналдың рецензенттер құрамы беделді, медицина ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан танымал ғалымдар мен тәжірибелі дәрігерлерден тұрады. Рецензияны ТМД, Балтық, Польша, Германия, Италия елдерінің беделді мамандары жасайды. Рецензиялаудың мұндай жоғары деңгейі мақалалардың маңызды, мәнді, мағыналы болуына ықпал етеді. Рецензиялау әдісі «екі жақты жұмбақ» деп аталатын әдіспен өтеді, яғни, автор да, рецензент те бір-біріне беймәлім болады, екі жаққа да бір-бірі туралы ақпарат берілмейді. Рецензенттің ұсынысымен мақала толықтырулар мен өзгертулер енгізу үшін авторға кері қайтарылуы да мүмкін. Ал, рецензенттің жоғары бағасына лайық деп танылған жұмыстар баспаға жіберіледі. Рецензенттерден өткен мақалалардың бәрі плагиаттық тексеріске ұшырайды, егер мұндай олқылық байқалса, мақала баспаға жіберілмейді. Мақала рецензенттік сүзгіден өткен соң автор мен редакция арасында авторлық құқықты беру жайындағы келісім-шарт жасалады, онда мақала авторының оны журналға және бүкіләлемдік ғаламтор желісі арқылы журналдың сайтына және ғылыми электрондық кітапханада жариялауға жазбаша келісімі бекітіледі.
Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналының» басты мақсаттарының бірі - клиникалық және тәжірибелік медицинаның ғылыми жаңалықтарын кең насихаттау. Басылым ғылыми және практикалық тұрғыдан аса бағалы әрі маңызды жаңалықтар топтастырылған мақалаларды барлық медицина қызметкерлеріне және оның барлық саласындағы мамандарға арнап жазады. Журналда тек клиникалық қана емес, тәжірибелік зерттеулер жайында да жазылады, бұл еңбектер диагностика мен хирургиялық ауруларды емдеуде таптырмайтын жаңалық болып табылады. Баспа өз тарапынан қазіргі заманғы халықаралық медициналық шолу-мақалаларына ерекше басымдылық береді, себебі, онда қаралатын мәселе жан-жақты және салыстырмалы суреттеледі. Сонымен бірге, халықаралық медициналық қауымдастықтың назарын аударатын клиникалық жағдайлар жөніндегі мақалаларға да ерекше назар аударылады. Ал, тәжірибелік дәрігерлер үшін емдеудің инновациялық әдістері және жаңа технологиялық ұсыныстары жайында жазылған мақалалар басылады. Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналының» беттерінен халықаралық конгресс, съезд, ғылыми-тәжірибелік конференция т.б. алқалы жиындар жайында оқи аласыздар. Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған мақалаларды жариялайды, әсіресе, ағылшын тілінде дайындалған жұмыстарға басымдық беріледі. Шетелдік мамандардың еркін түсініп және тәжірибе, ой алмасуы үшін барлық мақалалардың түйіндемесі ағылшын тіліне аударылып, мақаланың мазмұны кеңірек жазылады. Журналдың бас редакторы, редакциялық алқа мен кеңес құрамына медицина саласының жоғары дәрежелі кәсіби мамандары енгізілген. Олар ҚР, ТМД және Европалық одақ елдерінің беделді медициналық орталықтарында еңбек етеді.
Осындай қатаң рецензиялау талабына қарамастан, редакция жас авторларды көтермелеу саясатын да берік ұстанады, тәжірибелік дәрігерлерге мақала дайындау барысында әдістемелік жәрдем көрсетіледі. Студенттердің рецензиядан өткен ғылыми жұмыстары журналға тегін басылады. Редакциялық баспа орталығы болашақта журналды шетелдік мамандар үшін (Украина,Әзірбайжан, Германия, Польша, Литва,Израиль, Италия және Ресей елдеріндегі) жаздырып алдыру мүмкіндігін жоспарлап отыр.
Редакциялық-баспа орталығы жайында
Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетінің редакциялық баспа орталығы оқу орынының оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және арнайы әдебиеттерді, сондай-ақ, сұранысы жоғары бұрын шығарылған әдебиеттер мен оқулықтарды қайта басып шығаратын, «Батыс Қазақстан медицина журналы» мен «Медик» газетін басатын құрылымдық бөлімше болып табылады.
Редакциялық баспа орталығының негізгі мақсаты оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін университеттің Ғылыми Кеңесінде бекітілген жылдық тақырыптық жоспар бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сай оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттер, ғылыми жұмыстар, анықтамалар, ақпараттық-жарнамалар және т.б. әдебиет түрлерін, сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына енгізілген ведомствалық әдебиеттерді басып шығару болып табылады. Басылымдар орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде шығарылады. Сонымен бірге университеттің ішкі сұранысына орай «Мақтау қағазы», «Алғыс хат», «Құттықтау», «Шақыру», қалта кітап, күнтізбе, қағаз қалта, сыйқалта т.б. баспа өнімдерін басады. Редакциялық –баспа орталығының құрамына «Батыс Қазақстан медицина журналы», «Медик» газеті, тираждау цехы және университет сайты кіреді.2013 жылдан бастап «Батыс Қазақстан медицина журналының» дербес сайты іске қосылды.
«Медик» газетінің тұңғыш саны 1969 жылы сол кездегі ректор Т.Ш.Шармановтың тікелей басшылығымен жарық көрді. Газеттің алғашқы редакторы В.И.Копистко. Басылым мемлекеттік саясат, Президент жолдауы, білім беру, денсаулық сақтау мен тәрбие ісі саласындағы реформалар туралы жариялайды. Газетте «Саламатты Қазақстан», «Тәуелсіз елім- менің», «Университеттің 55 жылдығы», «5 экономикалық форум», «Біздің адамдар», «Студент беті», «Сүйінші», «Бәрекелді», «Тұлға» т.б. айдарлар бар. Газетте сапа бөлімінің, ғылыми кеңестің, үздіксіз білім беру және қабылдау комиссияс, кітапхана, өндірістік бөлім т.б. құрылымдық бөлімдерінің хабарламасы жиі жарияланады.
Ғылыми-практикалық «Батыс Қазақстан медицина журналында» «Аналитикалық шолу», «Эксперименталды және клиникалық зерттеулер», «Проблемалық мақала» «Бас мақала» деген айдар бар. Денсаулық сақтау саласында жарияланған мемлекеттік реформаларға байланысты «Саламатты Қазақстан», «Білім берудің жаңа технологиясы», «Білім, ғылымдағы инновациялар» деген жаңа айдарлар ашылды. «Алқалы жиын» деп аталатын бөлімде профессорлық-оқытушылар құрамының отандық және шетелдік іссапарларының нәтижелері жарияланып келеді. Журнал үш тілде, қазақ, ағылшын, орыс тілінде басылады. Университетте ұйымдастырылған конференциялардың тезистері журналдың қосымша санында жарияланады. Журнал Қазақстан, ТМД және шет елдерге де таратылады. Редакция ұжымы алдағы уақытта журналды халықаралық деңгейдегі іскерлік байланыс құралына айналдыру мақсатында іргелі істерді жоспарлап отыр.
Редакциялық баспа орталығының тираждау цехында газет-журналдан басқа университеттің клиникалары мен құрылымдық бөлімдеріне арналған түрлі баспа өнімдері басылады. Бір жыл ішінде медициналық орталық, отбасылық және стомклиника, зертхана мен оқу бөліміне арналып орта есеппен 1,5 млннан аса парақ бланк және түрлі журналдар дайындалады. Республикалық көрмелер мен ғылыми практикалық конференциялар үшін стенд-көрмелер де баспадан шығады. Редакциялық баспа орталығы университеттің 55 жылдық мерейтойына арналған «Дәстүр және жаңғыру» атты тарихи-публицистикалық деректемелі кітапты хаттап, беттеп баспаға тапсырып, оның басылып шығуына үлкен еңбек сіңірді. Осы датаға орайластырылып «Медицинаға сіңірген еңбегі үшін» деген мерекелік медальдің көркемдік дизайны, 55 жылдықтың эмблемасы, естелік қаламсап пен сый қалтаның дизайны дайындалды. Аталғандардан өзге естелік қалта кітап, күнтізбе, өңірбелгі, конференцияның бағдарламасы, шақыру билеттері, мерекелік концерттің бағдарламасы да арнайы жасалды.
Университет сайты үш тілде қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде университеттің жаңалықтарын, ғылыми конференциялар т.б. шаралардың ұйымдастырылатындығы жайында ақпараттарды тұрақты жариялап келеді. Сайттың негізгі бетінде «Білім», «Ғылым», «Тәрбие», «Клиникалық жұмыстар», «Сапа бөлімі», «Ректор блогы» орналастырылған. Сонымен бірге осы бетте «Университет тарихы», «Мемлекеттік сатып алу», «Қабылдау комиссиясы», «Студенттер үшін», «Мұражай», «Кәсіподақ» деген бөлімдер де бар. Үкіметтің, Денсаулық сақтау, Ғылым және Білім министрліктерінің сайттарының сілтемесі көрсетілген. Сайт картасында университеттің мекен жайы мен оның клиникаларының орналасу реті және қала картасы, жатақханалар мен басқа да құрылымдық бөлімдердің орны көрсетілген. Сайт ішінде ұйымдастырылған іс шаралардың бейне жазбасы, суреттер архиві де бар. Негізгі бетте кітапхана, «Батыс Қазақстан медицина журналы», «Медик» газетінің сілтемесі көрсетілген. Сайттың ресми адресі «zkdmu. kz».
Редакциялық баспа ортылығының материалдық –техникалық базасы жақсы. Орталық университеттің бас ғимаратында арнайы жабдықталған 4 жұмыс бөлмесінде орналасқан. Көлемі 102 шаршы метрдей. Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында редакциялық баспа оталығындағы компьютерлер түгелге жуық жаңартылып, орталық әлемдік ғаламтор желісіне қосылды. Халықаралық телефон байланысы үздіксіз жұмыс жасап тұр. «Konika Minolta c6000 l» - баспа қондырғысы, электрлі желімдегіш, электрлі пышақ, бет хаттаушы алынды. Сонымен бірге электрмен қалта кітап жапсыратын, қапсырма жасайтын құрылғылар да сатып алынды. Кеңселік жиһаз, үстел-орындықтар жаңартылып, жұмыс жасауға толық жағдай қалыптастырылған.
Редакциялық баспа орталығының кадрлық құрамы
Орталықтың кадрлық құрамы түгелге жуық кәсіби жоғары білімді мамандармен толықтырылды. Редакциялық баспа орталығындағы мамандардың -11 жоғары білімді кәсіби маман. Екі маман арнаулы орта білімнен соң жоғарғы оқу орынының 4-5 курстарында сырттай білім алуда. Редакциялық баспа орталығының мамандары өздерінің білімі мен тәжірибелерін облыстық, республикалық деңгейдегі көрме, жиын, байқауларға жиі қатысып, біліктілігін арттырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс
Редакциялық баспа орталығы республикалық радио және телеарналар, газет-журналдар редакциясымен тығыз байланыс орнатты. Республикалық «Қазақстан» арнасы бойынша «Мемлекеттік тіл- менің тілім», облыстық телеарна бойынша «Тұқым қуалаушылық», «Отбасы және дәрігер», «Жайың қалай, студент?» атты телехабарлар ұйымдастырылды. Бұл телехабарларға профессорлар, факультет декандары, кафедра жетекшілері және студенттер қатыстырылды. Жергілікті радио торабы арқылы «Тәуелсіздікке 20 жыл», «Саламатты Қазақстан», «Біздің мақтаныштарымыз» атты радиохабарлар легі ұйымдастырылды.
Республикалық «Президент және халық» ,«Нұр Астана», «Дала мен қала» газеттеріне университеттің 55 жылдығына арналған мақалалар топтамасы жарияланды. Университетте мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы да назардан тыс қалмады, бұл жөнінде республикалық «Ана тілі» газетінде «Болашақ дәрігерлер қазақша сөйлейді» атты қазақ тілі каферасының меңгерушісі М.Сәбитбекованың мақаласы орналастырылды. Мемлекеттік қоғамдық-саяси публицистикалық «Айқын» газетінде , «Парасат» «Денсаулық және отбасы» журналдарында да 55 жылдықтың тақырыбы қамтылды.
Кәсіби шеберлікті шыңдау үшін орталық жетекшісі І.Тажгулова мен көркеуші редактор С. Оразов «Коника Минолта» компаниясының сертификатына ие болды. С.Оразов дәрігерлердің облыстық кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен марапатталды. Тілші С.Тоғызбаева республикалық «Тілшілердің заңды құқығын қорғауы» атты республикалық семинар жұмысына белсене ат салысты.
Редакция баспа орталығы мамандары алдағы уақытта университеттің редакциялық баспа орталығын Батыс Қазақстан аймағындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары үшін заманауи инновациялық технологияға негізделген ақпараттық технологиялық орталыққа айналдыруды жоспарлап отыр.
Құрметті әріптестер!
Біз сізді «Батыс Қазақстан медицина журналы» журналының сайтында көруге қуаныштымыз.
«Батыс Қазақстан медицина журналы» - Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ғылыми-тәжірибелік рецензияланатын басылымы.
Біздің журналымыз Қазақстан Республикасының батыс аймағының барлық медицина қоғамындағы жалғыз түпнұсқалық мерзімді басылым болып табылады.
«Батыс Қазақстан медицина журналы» - іргелі және клиникалық медицинаның, тәжірибелік денсаулық сақтау және медициналық білімнің әртүрлі бағыттары бойынша түпнұсқа зерттеулерді, шолу мақалаларын шоғырландырушы тұғырнама болып табылады.
Журналдың редакциялық ұжымы басылым сапасын жақсарту жолында тұрақты жұмыс жасай отырып, журналдың Қазақстанның лайықты медициналық басылымдарының рейтингіне енуі үшін көп күш жұмсады. Журнал Ulrich Periodical Directory еттерінің базасымен индекстеледі.
Жылдан жылға авторлар мен оқырмандардың ғана емес, редакциялық құрамның жұмысына қызығушы ғалымдардың да географиясы кеңеюде. Журналымыздың сапасын көтеруде біздермен бірге келе жатқан журналдың әртүрлі елдердегі ғылыми серіктестері идеялы шабыт берушілер және жақсы үйлестірушілер болып табылады.
Біздің басылымға ұсынылған ғылыми мақалалар Сізді қызықтырады және Сіздің жұмысыңызға пайдасы тиеді деген үміттеміз!
Журналдың бас редакторы
медицина ғылымдарының докторы, профессор Ербол Бекмұхамбетов
Журнал тоқсан сайын шығады
А4 форматта, 500 дана
ISSN 2707-6180 (Print)
ISSN 2707-6199 (Online)
2023 жылдың шілде айынан бастап Knowledge E компаниясы West Kazakhstan Medical Journal журналын жариялау және орналастыру қызметтерін ұсынады.
Журналдың келесі басылымдарына өтіңіз: