Тоқсан сайын шығатын West Kazakhstan Medical Journal

 

Меншік иесі – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ

Бас редактор:             А.А. Калиев

Журнал 2004 жылдан бастап шығады.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне 18.04.2019 ж. қайта тіркеліп, №17673-Ж куәлігі берілген.

Журнал «Қазпочта» АҚ каталогында (жазылу индексі – 74740) тіркелген және оның бөлімдері арқылы таратылады. Сонымен қатар, редакция арқылы да таратылады. 

Журнал Ulrich’s International Periodical Directory халықаралық және италиялық CINECA ғылыми басылымдары, сонымен қатар, Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі (РИНЦ) мәліметтер базаларында индекстеледі.

Журнал 2016 жылғы 15-сәуірдегі комиссия шешімі бойынша Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің Тізіміне (ҚР БҒМ БҒСК) енгізілді.

 

https://journal.zkgmu.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/slid.2018-2gk-is-136.jpglink
https://journal.zkgmu.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/slid.conf2018gk-is-136.jpglink
https://journal.zkgmu.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/slid.2017gk-is-136.jpglink
https://journal.zkgmu.kz/modules/mod_image_show_gk4/cache/slid.med-unigkgk-is-136.pnglink
«
»
Progress bar

«Мейірбике ісін реформалау: жетістіктері, мәселелері және перспективалары»

С.К. Ахмадиев, А.Е. Мендекина

Семей медициналық колледжі, Семей, Казақстан

Бүгінгі таңда мейірбике қызметі лауазымды мамандық тобына кіруде. Мамандықтың жаңа мағынаға толтырылуын білім алушы және оқытушы арасындағы нәтижелі жұмысының жемісі ретінде қарастыруға болады. Мейірбике жұмысы жауапкершілікті, адамгершілік және этика-деонтология сынды қасиеттерді, жаңашырлық және жұмсақтықпен қатал тәртіптің гармониялы қызметін атқарады. Мейірбике әртүрлі гуманитарлық пәндердің білімі мен әдістеріне, сондай-ақ физикалық, әлеуметтік, медициналық және биологиялық заңдарды зерттейтін ғылымдарға негізделген нақты дағдыларды, білімдерді, тәжірибе жағдайында қолдану дағдыларын меңгеруді талап етеді. Мейірбике ісін реформалау үрдісі бірнеше себептерге байланысты баяу және қиын. Әлемнің көптеген елдерінде мейірбике қызметкерлеріне сұраныс артып жатыр, себебі олардың тәжірибелік дағдылары демографиялық, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге икемді жауап бере алады. Нәтижесінде мейірбике қызметінің кез келген жағдайында, медициналық көмек негізгі компонентке айналды. Мейірбикелердің қызмет саласы алғашқы медициналық-санитарлық көмек шеңберінде қызметтердің кең спектрін атқаруды және жоғары технологиялық ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысуды қамтиды.

Осы уақытқа дейін мейірбике мамандығы тәуелсіз мамандық болып саналмады. Қазіргі қоғамдағы мейірбике кәсібінің төмен беделі, кәсіби өсудің шектеулігі, ғылыми зерттеулерді орындау үшін жағдайдың болмауы, тәжірибелі және білікті мейірбике қызметкерлерінің белгілі бір бөлігі уақыт көрсеткендей, дәрігер мамандығын, биология немесе химия мұғалімі дипломын алуға, кейін медициналық мекемелерге медициналық лауазымдарға орналасуға итермеледі.

Медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін құқықтық білімді және нормативтік құжаттаманы, іс-қағаздарын жүргізуді және мейірбике басшысының қызметін компьютерлендіруді арттыру, экономикалық базалық білімді игеру қажет.

Қазіргі уақытта «мейірбике қызметкерлері – дәрігерлер» кадрлық диспропорциясы бар. Ол дәрігерлік қызметте жақсы дайындалған медбикелер жүзеге асыруы тиіс медициналық қызмет түрлерінің үлесінің ұлғаюымен сипатталады, ал екінші жағынан, мейірбике қызметкерлеріне арнайы медициналық дайындықты қажет етпейтін техникалық персоналдың рөлі беріледі. Соңғы жағдай мейірбикелік көмектің сапасына, мейірбике кәсібінің имиджіне және тартымдылығына теріс әсер етеді.

Негізгі сөздер: білікті медицина қызметкері, медициналық дайындық, медбике, мейірбике қызметкерлері, медициналық қызметтер, медициналық құжаттама, имидж, заманауи қоғам


 


 

PDF НҰСҚАСЫ

 

 

 

Мерзімдік басылым

Журнал тоқсан сайын шығады

А4 форматта, 500 дана

ISSN 2707-6180 (Print)

ISSN 2707-6199 (Online)

Байланыс

2023 жылдың шілде айынан бастап Knowledge E компаниясы West Kazakhstan Medical Journal журналын жариялау және орналастыру қызметтерін ұсынады.

Журналдың келесі басылымдарына өтіңіз:

https://knepublishing.com/index.php/wkmj/index