«Атопиялық дерматитпен ауыратын науқастарды оңалтуда сыртқы терапияның тиімділігі»

А.С. Асқарова, А.А. Ргебаева 

Республикалық медициналық академия, Астана, Қазақстан

Атопиялық дерматитпен (АтД) ауыратын науқастардың терінің тосқауылдық функциясы бұзылысынан және қышыну пайда болғандықтан, терапияның симптоматикалық бағыты – теріні ылғалдандыруды және қышуды жеңілдетудің алдын алатын емге бағытталады. Бүгінгі таңда сыртқы терапия патогенетикалық тұрғыдан негізделген және АтД-мен ауыратын әрбір науқас үшін өте қажет екендігі күмән тудырмайды. Алайда, сыртқы терапия бойынша, соның ішінде тері күтімі және жергілікті препараттарды дұрыс қолдану бойынша науқастарда әлі күнге дейін тиісті дәрежеде түсінік қалыптаспаған. АтД бар науқастарда уақыт өте келе, 71,3% де тамақ аллергиясы, аллергиялық ринит және/немесе бронх демікпесі пайда болатыны дәлелденіп отыр. Осыған байланысты, АтД ағынын ерте бақылауға қол жеткізу, оның басқа аллергиялық ауруларға айналуын баяулатады. Сондай-ақ, атопиялық дерматит кезінде терінің құрғауы және қышуы науқастың да, оның отбасы мүшелерінің де физикалық және эмоционалды күйзелісіне алып келетіні мәлім. Ал, оңтайлы емдеу терапиясы науқастардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, күйзелістердің алдын алады.

Негізгі сөздер:атопиялық дерматит, сыртқы терапия, глюкокортикостероидтар, кальциневрин


 


PDF НҰСҚАСЫ